Елбасы Жоғарғы Сот төрағасымен кездесті

659

Кездесу барысында сот жүйесінде реформаларды іске асыру аясында шараларды атқару барысы талқыланды.  

Елбасы Жоғарғы Сот төрағасымен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановпен кездесті, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік басқару жүйесінде соттар ерекше орында екенін айта келе, халықтың соттарға сенімін ары қарай арттыру бойынша жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

"Күн тәртібінде азаматтар құқықтарын қорғау мен сот жүйесіне халықтың сенімін арттыру тақырыптары үнемі өзекті болып қалады. Бұл бағытта елеулі жұмыстар атқарылды. Осы саланы дамыту тұрғысында "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында айрықша көңіл бөлінген. Белгіленген мақсаттар орындалуда, көрсеткіштер жаман емес. Соттарға деген сенім артып келеді", – деді Елбасы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу