Елбасы жұмыс сапарымен Ақкөл қаласына барды

529

Мемлекет басшысына шағын қалашықты қашықтан бақылау орталығының жұмысы таныстырылды.

Елбасы жұмыс сапарымен Ақкөл қаласына барды

Жаңа жүйе қала көшелеріндегі тәртіпті, әлеуметтік нысандардағы ахуалды, тіпті жеке тұрғын үйлердегі жағдайды онлайн түрде бақылауға мүмкіндік береді. Жергілікті билік өкілдері ірі компаниялармен бірлесіп, 6 айда Ақкөлді ақылды қалаға айналдырыпты. Мұндағы 6 мыңға жуық үйдің барлығы су және электр қуатын есептейтін жаңа қондырғылармен жабдықталған, деп хабарлайды 24.kz.

Жауаптылар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адам қарасы қалың орындарға 70 интеллектуалды камера орнатқан. Тың құрылғылардың көмегімен күдік тудырған адамды дереу тануға, ол жайында ақпарат алуға болады. Қала толықтай 4G желісіне қосылған. Қоғамдық және мемлекет меншігіндегі көліктердің барлығына GPS қондырғылары орнатылған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаланың 3Д картасымен танысып, сәтті жүзеге асқан жобаны еліміздің өзге де қалаларына бірте енгізу керектігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу