Нұрсұлтан Назарбаев Атырау қаласына келді. Мемлекет басшысының мұнай саласы өкілдерімен кездесуі жоспарланған. Кездесу аясында телекөпір ұйымдастырылып, ірі нысандардың жұмыс барысы таныстырылады және мұнай-газ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің ірі мұнай компаниялары жетекшілерімен кездесуін өткізу көзделіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу