Елбасы жұмыс сапарын қорытындылады

862

Елбасы жұмыс сапарын қорытындылады

Ал Алматы ірі экономикалық орталық ретінде қалыптасып, еліміздің әлемдік деңгейдегі заманауи мегаполисіне айналды. Шаһарға жұмыс сапарымен барған елбасы қаланың тыныс-тіршілігіне қарап, осындай баға берді. Президент келтірген деректерге сәйкес, бүгінде Алматы экономикасының көлемі Грузияның ішкі жалпы өнімінен 2 есе, ал Қырғызстан мен Тәжікстаннан - 5 еседей артық. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл - тек қаланың ғана емес, жалпы еліміздің табысты дамуының көрсеткіші. Сондай-ақ, қазір Алматы республикалық бюджеттің доноры болып саналады. Бұған қоса, мемлекет басшысы оңтүстік Астананың республика бойынша шағын және орта бизнесті дамытудың үздік көрсеткіштеріне қол жеткізіп отырғанын да атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті: "Алматы қаласы әкімдігі жұртшылықпен бірлесіп, инфрақұрылымды жүйелі түрде жақсартуға, тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды табысты атқарып жатқанын атап өткім келеді. Панфилов, Жібек жолы көшелеріне кешенді қайта жөндеу жүргізілді. Жаяу жүргіншілердің серуендеуіне арналған алаңдар жасақталды. Сондай-ақ, қаланы көгалдандыру, арық жүйесін толық жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қалада екі аудан - Алатау және Наурызбай аудандары құрылды. Бизнеспен айналысу үшін қажетті жағдайлар жасалды".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу