Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

1147

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауына қатысты мәлімдеме жасады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауына байланысты телеэфир арқылы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды abctv.kz.
"Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. Жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде. "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы қабылданды", - дей келе елбасы алдағы уақытта жүзеге асыруға тиіс 10 негізгі міндетті атап, олардың мазмұны туралы қысқаша айтып өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу