Елбасы "Назарбаев Университетінің" басшысымен кездесті

539

Елбасы "Назарбаев Университетінің" басшысымен кездесті

Мемлекет басшысы "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесуде Шигео Катсу мемлекет басшысына білім беру мекемесінің жұмыс нәтижесі туралы есеп беріп, университеттің құрылғанынан бергі жетістіктері және оны бұдан әрі дамыту жоспары жөнінде баяндады.

Елбасыға "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесі 7 жылдағы жұмысы барысында жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының үздік тәжірибесін қабылдағанын, сондай-ақ оқу орнында болашағынан үміт күттіретін ең дарынды студенттерді іріктеуге септігін тигізетін меритократия қағидаты енгізілгенін мәлімдеді.

Биыл "Назарбаев Университеті" дербес білім беру мекемесінің үшінші түлектері оқуды тәмамдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу