2017 жылдың 17 наурызында сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш президенті – елбасының кітапханасында 15 жастағы күйші Ғаламат Бейсеқожаевтың мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнаған "Атадан мұра" күйінің тұсаукесері өтеді.
Жас дарын "Махамбет", "Абай толғауы", "Есдәулет", "Сұлутөр", "Қосбасар", "Қордай", "Жауынгер", "Есдәулет" іспетті 20-ға жуық күйдің авторы. 9 сынып оқушысы талай республикалық байқаудың жүлдегері атанған.
Елбасыға арналған жаңа туындының тұсаукесеріне жас өнерпаздар Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 және 5 сынып оқушылары Ғаламат пен Нұрәлі Бейсеқожаевтар, Ғали Орманов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары мен ұстаздары, колледж студенттері және елбасы кітапханасының қызметкерлері қатысады.
Кездесу барысында ағайынды Бейсеқожаевтармен сұхбат өтеді және музыкалық қойылымдар жоспарланған.