Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Бүгін сенат жаңа заң жобасын қабылданды. Енді кеңес заң жүзінде үйлестіруші конституциялық орган болып бекітіледі. Осыған орай президент оның құқықтық мәртебесі мен құзырын анықтап, құрамын кеңес төрағасымен бірге жасақтайтын болады. Сондай-ақ, заң жобасында Қауіпсіздік кеңесіне елдің дамуына бағытталған маңызды стратегиялық құжаттарға мониторинг жүргізіп, оның жүзе асуын бағалау мүмкіндігі берілген.
Айта кетейік, аталмыш заң елбасы қол қойғаннан кейін өз күшіне енеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу