Елбасыны "даттаған" қарағандылыққа сот үкімі шықты

898

Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысына тиетін сөздер айтқан Арман Хасенов кешірім сұрады.  

Елбасыны "даттаған" қарағандылыққа сот үкімі шықты

12 сәуірде  қарағандылық Арман Хасенов өз көлігінде отырып , ұялы телефонына бейне жазба түсірген. Ол Қазақстанда өмір сүрудің қиын екенін, әділдіктің жоқ екенін айтып күйінген. Сонымен қатар Арман  Хасенов елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қорлайтын сөздер айтып, ренішін білдірген еді. Бұл жазба әлеуметтік желіге тез тарап кеткен. Кейін көп ұзамай Арман Хасенов полицияның құрығына іліккен еді. Темір торға түскен соң қарағандылық жұрт алдында елбасыға тіл тигізгені үшін кешірім сұрады. Бүгінде Қазыбек би аудандық соты аталған азаматқа қатысты үкімін шығарды. Сот шешімімен ҚК 373 бабы 2 бөлігі бойынша Арман Хасеновтің  үш жылға бас бостандығы шектелді.

"Хасенов өз кінәсін толық мойындап, бұл қылығы үшін өкінетінін жеткізді. Сол себепті сот Хасеновті қоғамнан алшақтатпай - ақ оның түзелуіне мүмкіндік болады деген шешімге келді" – деп мәлімдеді судья Манат Жұмақаева.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу