Елбасының АҚШ-қа ресми сапары басталды

932

Елбасының  АҚШ-қа ресми сапары басталды

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  Америка Құрама штаттарына ресми сапары басталды.  Онда, президент Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топ өкілдерімен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр. Президенттерінің осы жолғы кездесуінде күрмеуі шешілмей келе жатқан Ауғанстан мен Сириядағы жағдай сөз болмақ. Естеріңізде болса, бұдан бұрын АҚШ Ауғанстанға қатысты жаңа стратегия әзірлейміз деп мәлімдеген еді. Бұл кездесу тек Қазақстанға ғана емес, Америка үшін де маңызды. Беделі бәсеңдеп бара жатқан АҚШ-тың Орталық Азиядағы рөлін анықтап, әріптестікті нығайтуға оң ықпалын тигізбек. Естеріңізде болса, Елбасы алғаш рет ресми сапармен АҚШ-қа 1992 жылы барды. Сол кезде жасалған келісімдер экономикаға әсер етпей қоймады. Мәселен, 26 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. Сарапшылардың пайымынша, көрсеткіш көлемі осы жүзбе-жүз кездесуден кейін де арта түспек. Яғни, Американың ірі қаржы ойыншыларын Астана қаржы орталығына тарту жайы оң шешімін табады деген болжам бар. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы сапар аясында Біріккен Ұлттар Ұйымы  Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысатын болады. Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа байланысты АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд та өз пікірін білдірді. Оның сөзінше Қазақстан Құрама штаттар үшін Орталық Азиядағы ең маңызды инвестиция және сауда бағытындағы серіктесі. 

Ричард Хоугланд АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі

Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қатынас өте қарқынды дамыды. Себебі Нұрсұлтан Назарбаев сөз саясатының негізгі бағыты ретінде экономиканы таңдап, оны тиімді жүзеге асырды. Әлем инвесторларына есік ашты. АҚШ та осы елге ақша құйды. Дуйнг бизнес рейтингінде жыл санап жоғары көтерілулеріңіз соның дәлелі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу