Елбасының алдында сөз сөйлеген көпбалалы анаға үй берілді

1753

Жастар жылының ашылуында сөз сөйлеген 27 жастағы келіншек жас отбасыларға көпбалалы болудан қорықпау керектігін айтып, сөз сөйлеген болатын. 

Елбасының алдында сөз сөйлеген көпбалалы анаға үй берілді

Екі күн бұрын Астанада жастар жылының ашылуына Түркістан облысынан келген 27 жастағы батыр ана Жазира Тұрғыноваға өңір әкімі үй берді, деп хабарлайды Бейсен Тәжібай фейсбуктегі парақшасында.

Елбасының алдында сөз сөйлеген келіншек жас отбасыларға көпбалалы болудан қорықпау керектігін айтып, сөз сөйлеген болатын. Жасы әлі отызға жетпеген Жазира Тұрғынова бүгінде 7 баланың анасы.

"Бүгін, қасиетті жұмада киелі Түркістанда облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың қолынан баспананың кілтін алған батыр ана өң мен түстің ортасында ғажайып күй кешіп тұр. Үй Ленгір қаласынан ұсынылды. Ал отағасы Олжас Әбілдабеков арнайы оқыту курсынан өткізіліп, жұмысқа орналасады", – деп жазды фейсбуктегі парақшасында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу