Елбасының балаларынан айырылған отбасыға көңіл айту хаты жарияланды

1808

Мемлекет басшысы үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

Елбасының балаларынан айырылған отбасыға көңіл айту хаты жарияланды Фото: kp.kz

Қазақстан президенті Астана қаласындағы өрт салдарынан қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Кеше Астанада ауыр қайғылы оқиға болды. Өрт салдарынан бір отбасы бес бірдей перзентінен айырылып қалды. Қаза болған балалардың ата-анасы мен туысқандарына көңіл айтамын. Осыған байланысты мен Үкіметке және Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетуді тапсырдым", – делінген көңіл айту хатында.

Елбасы барлық өңірдің әкімдеріне құзырлы органдармен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бақылауды күшейтуге, тиісті тексерістер ұйымдастырып, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу