Елбасының биылғы жолдауы төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделуге бағыттайды

1468

Елбасының биылғы жолдауы төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделуге бағыттайды

Елбасы кезекті жолдауының жаңа әлем - төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтынын айтты, деп хабарлайды abctv.kz жолдауды негізге алып.

Елімізде өткен жылда атқарылған жұмыстарға тоқтала келе елбасы, бұрынғы жетістіктердің ертеңгі табысқа кепіл емес екенін айтып өтті.

"Көл-көсір мұнайдың" дәуірі аяқталып келеді. Елімізге дамудың жаңа сапасы қажет. Жаһандық трендтер көрсетіп отырғандай, ол бірінші кезекте төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізуге негізделуге тиіс. Мұның өзіндік сын-қатерлері де, мүмкіндіктері де бар. Жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар екеніне сенімдімін. Бұл үшін мынадай міндеттерді шешуге жұмылуымыз керек", - деп 10 бағытты көрсетті.  

Мемлекет басшысы еліміздің индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуға тиіс екенін алғашқы орынға қойды. Одан кейінгі тапсырма ресурстық әлеуетті одан ары дамыту болмақ. Ал үшіншісі - "Ақылды технологиялар" - агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін қарастыру. Төртінші міндет - көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру. Бесіншісі - құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу. Алтыншы  - қаржы секторын "қайта жаңғырту". Жетінші тапсырмада адами капиталды дамыту көзделіп отыр. Сегізінші - тиімді мемлекеттік басқару болса, жемқорлықпен күресті жалғастыру келер жылдағы маңызды талаптардың бірі болып қала бермек.

"Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан, Астананың тәжірибесі негізінде "Смарт Сити" "эталонды" стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек", - деген елбасы, 10-шы тапсырмамен биылғы жолдауын түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу