Елбасының қатысуымен "Астана" ХҚО-ның ашылу салтанаты өтіп жатыр

558

Елбасының қатысуымен "Астана" ХҚО-ның ашылу салтанаты өтіп жатыр

АХҚО қаржы хабы ретінде әлемге танылуға дайын. Дәл қазір қаржы орталығының ашылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Институттың салтанатты ашылу рәсіміне мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян қатысуда.

Атап өтейік, "Астана" халықаралық қаржы орталығы Дубайдағы қаржы ұйымдарымен әріптестік орнатқан. Сондай-ақ Шанхай, Лондон, Нью-Йорк, Токио, Сингапур сынды Батыс пен Шығыстағы барлық орталықтармен берік ынтымақтастыққа жол салды. Қазір 55 компания жұмыс істейтінін растаған. Ал жыл соңына дейін бұл тізім 100-ге жуықтауы мүмкін. Сондай-ақ орталық алдағы уақытта исламдық қаржыландыру нарығының дамуына ықпал етуді көздейді. Осылайша 2030 жылға дейін 30 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу