Елбасының қатысуымен VIII Азаматтық форумы өтеді

1122

Форум соңында ҮЕҰ салтанатты марапаттау (әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқаны үшін) және "Таным" жүлдесін (ҮЕҰ, бизнес және еліміздің әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосқан мемлекеттік органдар үшін жүлде) табыстау рәсімі өтеді.

Елбасының қатысуымен VIII Азаматтық форумы өтеді

2018 жылғы 27-28 қарашада Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Серіктестік. Сенім" тақырыбында VIII Азаматтық форум өтеді, деп хабарлайды қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Форумның жұмысына ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың, мемлекеттік және бизнес құрылымдардың, қоғамдық кеңестердің өкілдері қатысады.

Форумның шеңберінде семинарлар, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, министрліктер мен ведомстволар басшыларымен салалық кездесулер форматындағы 35 тақырыптық сессия болады.

Тақырыптық сессиялар мемлекеттік органдарды жаңғырту, медиа және ашықтық, экология және қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік кәсіпкерлік және инновация, ІТ және Big Data, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, белсенді азаматтық қоғамды қалыптастырудағы ЖОО мен мектептердің рөлі және басқа да өзекті мәселелерді талқылауға арналады.

Форумның екінші күні мемлекет басшысының қатысуымен "Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім"тақырыбындағы пленарлы отырыс болады. Қатысушылар 2019-2024 жылдарға арналған Азаматтық қоғам институттарын дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылайды. 

Сондай-ақ 13 орталық мемлекеттік органның бірінші басшыларының қатысуымен үкіметтік емес сектордың өкілдеріне арналған параллель салалық сессиялар ұйымдастырылатын болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу