Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімдерімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды, деп хабарлайды elbasy.kz
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің басқарма бастығы Батырбек Бердібайұлы Байбосыновқа жүктелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу