Елбасының латын қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтті

1048

Елбасының латын қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтті

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Жылдар мен ойлар" кітабы латын әліпбиінде жарық көрді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 
Бүгін ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиі залы ашылды. Бұл залда 1929-1940 жылдары жарық көрген латын графикасы негізіндегі қазақстандық кітаптар мен мерзімді басылымдардың көрмесі және тақырыптық жаңартылған нұсқалары қойылған.  Орталықта латын қарпіндегі ұлттық әліпби оқытылып, семинар-тренингтер, оқу курстары, лингвист ғалымдардың онлайн кеңестері өтеді. 
Орталықтың ашылу салтанатында Нұрсұлтан Назарбаевтың латын қарпінде басылып шыққан кітабының тұсаукесері өтті. Кітап әзірге бір данамен жарыққа шықты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу