Елбасының мемлекеттік стипендиясына үміткерлерден ұсыныс қабылдау басталды

986

Ұсыныстар 2021 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.  

Елбасының мемлекеттік стипендиясына үміткерлерден ұсыныс қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі 2021 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына үміткерлердің ұсыныстарын қабылдаудың басталғандығы туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік наградаларына ие болған шығармашыл қызметкерлерді және мәдениет қызметкерлерін, сондай-ақ Қазақстанның мәдениетін жасауға, сақтауға және дамытуға зор үлес қосқан дарынды шығармашыл жас қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында берiледi.

2021 жылғы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына үміткерлердің ұсыныстары 2021 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Мемлекеттік стипендия алуға:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары, халық жазушысы, халық әртісі, халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атақтары бар немесе әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтың, халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары;

2) Қазақстан мәдениетін дамыту үшін шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан Республикасының азаматтары үміткер бола алады.

Мемлекеттік стипендияны Мәдениет және спорт министрілігінің жанынан арнайы құрылған Мемлекеттік стипендияларды беру жөнiндегi комиссия шешімінің негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті береді.

Үміткерлердің кандидатураларын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары ұсына алады.

Мемлекеттік стипендияға ұсыну үшін үміткер:

  • шығармашылық одақтар мен мәдениет ұйымдары мемлекеттік стипендия алушыға берілген қолдаухатын;
  • шығармашылық мiнездемесiн (қосымша мінездемеде көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттардың көшірмесі: жеке куәлік, марапат құжаттары, жүлделі орын алғандығын растайтын дипломдар, фото 3/4 және т.б) жолдау қажет.

Мемлекеттік стипендияға ұсынылатын басшы қол қойған (директор, төраға, көркемдік жетекші және т.б.) тиісті құжаттар келесі мекенжайда қағаз немесе электронды ресми түрде қабылданады:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 15-кіреберіс, 5-қабат, 527-бөлме, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, тел.: 8 (7172) 74-05-19, 74-03-70,  эл. пошта urp.mks@mail.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу