Елбасының сұхбаты бүгін отандық телеарналардан көрсетіледі

662

Елбасының сұхбаты бүгін отандық телеарналардан көрсетіледі

Бүгін 21:30-да отандық телеарналардан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатының толық нұсқасы көрсетіледі, деп хабарланды Ақорданың твиттердегі парақшасында.

Естеріңізде болсы, мемлекет басшысы отандық және халықаралық БАҚ өкілдерімен кездескен болатын. Жиынға қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектісін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "ҚазАқпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу