Қазақстан президенті Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әңгімелесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.
Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу