Эльбрус шыңына көтерілген қазақстандық альпинист жетістігін Салтанат Нүкеноваға арнады

1359

Қазақстандық альпинист Сапфира Қанаева Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрус тауына сәтті көтерілді. 

Эльбрус шыңына көтерілген қазақстандық альпинист жетістігін Салтанат Нүкеноваға арнады Фото: видеодан алынған кадр

Ол тау басына шыққан жетістігін Салтанат Нүкенованың рухына арнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Салтанат мен үшін тек шабыт болған жоқ. Тау шыңына көтерілу идеясы маған Кабардин-Балқардағы Теріскөлде жүргенімде келді. Онда мен Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа шығып, жеңісті Салтанатқа арнауды жоспарладым. Бойжеткеннің қайғылы өлімінің оқиғасы көптеген адамның жүрегін елжіретті. Соның ішінде мен де бармын. Мен бірдеңе істеп, тауларды жылжытып, әділдікті қалпына келтіргім келді", - деп бөлісті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу