Елде 2300-ден аса қазақстандық жазасын еңбекпен өтеп жүр

380

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Елде 2300-ден аса қазақстандық жазасын еңбекпен өтеп жүр Фото: ҚАЖ

Қазақстанда 2300-ден астам сотталған қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Сотталғандар көшелерді, саябақтарды, аулаларды, балалар алаңдарын тазалау, көгалдандыру және аумақтарды абаттандыру жұмыстарымен айналысады. Мұндай жұмыстар арнайы білім мен біліктілікті талап етпейді. Олар күніне пробация қызметкерлерінің бақылауымен төрт сағаттан артық жұмыс істемейді. Осындай жағдайлардың бірі Павлодар облысында болды. Ер адам жаңа көңілдесіне қызғанған туысымен жанжал барысында оған жеңіл дене жарақаттарын салған. Сот оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады, – делінген хабарламада.

Жазасын өтеу барысында сотталған азамат барлық белгіленген сағаттарды толық өтеп, тәртіп бұзушылықтарға жол бермеген және пробация қызметінің есебінен шығарылды. Қызметкерлердің айтуынша, ол өз әрекетіне қорытынды жасап, мінез-құлқын қайта қараған.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қоғамдық жұмыстардың басты мақсаты – адамды еңбек арқылы түзеу және қайталама құқықбұзушылықтардың алдын алу екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу