Ішкі істер министрлігі "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық бағдарламасы аясында заңсыз қоқыс төгу фактілерінің алдын алу және экологиялық тәртіпті күшейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы бес айда ел аумағында 248 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталған. Сонымен қатар қоғамдық орындарды ластау және абаттандыру қағидаларын бұзу бойынша 177 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Анықталған деректер бойынша тиісті органдарға 58 материал жолданып, жергілікті атқарушы органдарға 172 ұсыным енгізілген.
Нәтижесінде 153 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылған.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды экологиялық заңнаманы сақтауға және қоршаған орта тазалығын қолдауға шақырды.