Қазақстанда 31 мың тұрғын қаржы пирамидаларының құрбаны болды. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша, соңғы жылдары елде кең таралған қылмыстардың бірі – қаржы пирамидасы.
"Бүгінде Қазақстан бойынша 31 мың адам қаржы пирамидасына алданып қалған. Оларға 54 млрд-тан аса теңгеге шығын келген. Қаржы пирамидалары "ақшаны оңай табуға болады, тез табыс табуға мүмкіндік бар" деген адамдарды тартады. Алаяқтар санының артуы экономикалық өсіммен, әрі тұрғындар инвестицияға қызығушылығымен байланысты", – деді департамент басшысы ІІМ-де баспасөз мәслихатында.
Санжар Әділов қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.
Дәурен Ерболат