"Елде өрт қаупі жоғары кезең басталды. 42 орман өрті тіркелді. Өртенген жердің жалпы аумағы – 668 гектар", – деді Нұрболат Дербісов.
Оның айтуынша, далада құрғақ шөптің өртенуі өте қауіпті. Кейін өрт үйлерге тарауы мүмкін. Бүгінде орман және дала өрті салдарынан жүздеген үй бүлінген, бір адам қаза тапқан.
"Биыл 12 сәуірде Петропавл маңында құрғақ шөптің жануынан 200-ден аса саяжай өртенді. 15 сәуірде Павлодар облысында саяжай аумағында өрт шығып, бір адам көз жұмды. 300-ден астам саяжай учаскісі бүлінді", – деді Нұрболат Дербісов.