Елде 4500-ден аса адам коронавирустан айықты

823

74 492 адам COVID-19-дан емделіп жатыр.

Елде 4500-ден аса адам коронавирустан айықты

Өткен тәулікте 4500-ден аса адам коронавирустан айыққандар қатарына қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 4 548 адам COVID-19-дан жазылған. Нәтижесінде елде COVID-19-дан сауығып шыққандар саны 775 106 адам болды. 

Өткен тәулікте 3 343 адамнан коронавирус анықталды. Осылайша, COVID-19 жұқтырғандар саны 851 661-ге жетті. 

16 қыркүйектегі мәлімет бойынша 74 492 адам коронавирустан емделіп жатыр.

"Олардың ішінде 13 853 пациент стационарда, 60 639 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 1 105 адамның жағдайы ауыр, 321 пациенттің жағдайы өте ауыр, 194 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар COVID-19 бен пневмониядан 64 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 194 860 адам, екінші компонентін 6 019 027 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу