14 қыркүйектен бері "Отбасы банк" баспана кезегінде тұрғандардың заңнама талаптарына сай екендігін тыңғылықты тексеріп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "24KZ" телеарнасына сілтеме жасап.
Жаппай түгендеу жүргізу үшін заңнамаға тиісті түзету енгізілді. Қазір ел бойынша 988 мың адам баспанаға мұқтаждар тізімінде тұр. "Отбасы банк" өкілдері бұдан былай тізімді тексеру ұдайы жүргізіліп отыратынын айтты.
– Ең жиі кездескен бұзушылықтар ол өз жеке аттарында мүліктерінің болуы. Екінші, басқа мемлекетке тұрғылықты орнын ауыстыру. Одан кейінгі өзгеріс жанұя құрамы, өйткені өзіне қатысы жоқ адамдар жанұя құрамына кіргізілген. Осындай бұзушылықтар болған, осылардың бәрін реттеп жатырмыз, – деді "Отбасы банк" АҚ Қолдау басқармасының басшысы Дидар Құлпейісов.