Елде АЭС-ті кім салатыны 2025 жылдың бірінші жартысында белгілі болады

196

Нысанды салу жұмыстары қашан басталады?

Елде АЭС-ті кім салатыны 2025 жылдың бірінші жартысында белгілі болады Фото: www.gov.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр стансасын (АЭС) салатын консорциумға қатысушылар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында анықталатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Бастапқыда келесі жылы АЭС құрылысына қатысушыларды анықтаудың соңғы форматы туралы шешім қабылданады деп жоспарланған. Президенттің соңғы тапсырмасына сәйкес, комиссия бұл жұмысты жеделдетіп, жақын арада тиісті шешім қабылдайтын болады. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында қатысушыларды таңдау бойынша шешім шығады, – деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.

Министр атом электр станциясын салу өте ұзақ процесс екенін атап өтті.

– Жобалау 3 жылға, ал құрылыс 8-14 жылға дейін созылады, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу