Елде әскери-медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

1245

Тәртіпсіздіктерден 300-ге жуық әскери қызметші зардап шеккен.

Елде әскери-медициналық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Қазақстанда госпитальдар, лазареттер мен әскери-медициналық бөлімшелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қорғаныс министрлігінің әскери медициналық мекемелерінде жаппай тәртіпсіздіктер барысында жарақат алған Қарулы күштердің әскери қызметшілері емделуде. Зардап шеккендердің көп болуын ескере отырып, қысқа мерзімде операциялық бөлмелер ашылып, дәрігерлік-мейіргерлік бригадалар құрылды", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Биыл 5 қаңтардан бастап әскери борышын орындау кезінде бір әскери қызметші қаза тауып, 287 әскери түрлі дене жарақатын алды.

Оның 102-сі стационарлық ем қабылдауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу