Елде астық тапшылығы жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі

1216

Оның көлемі ішкі қажеттіліктерді өтеуге, сондай-ақ бір бөлігін экспортқа жіберуге жеткілікті. 

Елде астық тапшылығы жоқ – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Өздеріңіз білесіздер, шикізат тапшылығына байланысты бірқатар ұн комбинаттарының қызметін тоқтатқаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында бірқатар жарияланымдар бар. Сөзімді астық тапшылығы жоқ деп бастағым келеді.  Республикада астық жеткілікті. Дүрбелең тудырмауға шақырамыз", – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.  

Оның айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша елімізде 6,4 млн тонна астық бар.  Жыл сайын Қазақстанда 3 млн тоннаға жуық ұн өндіріледі, оның жартысы экспортталады. 

"Ішкі тұтынуды ескерсек, бұл өзімізді қамтамасыз етуге және біразын экспортқа, оның ішінде ұн түрінде жіберуге де жеткілікті", – деп қосты Айдарбек Сапаров.  

Ол ішкі нарықта тапшылық туындатпау мақсатында 2022 жылғы 1 сәуірдегі сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 15 сәуірден 15 маусымға дейін бидай экспортына квоталар енгізу туралы шешім қабылданғанын атап өтті. Бидайға 1 млн тонна, ұнға 300 мың тонна квота 

"Сонымен қатар аймақтарда бидайдың қорын бағалау мақсатында министрлік Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, ішкі нарықтағы жағдайға мониторинг жұмыстарын жүргізуде", – деп қосты Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу