Елде ажырасу саны бір жылда 10,3% азайған

858

Ажырасқан жұптардың 13%-ы 20 жылдан аса уақыт некеде болған.

Елде ажырасу саны бір жылда 10,3% азайған

Биыл бірінші тоқсанда АХАТ органдарының мәліметінше, 4,1 мың жұп ажырасқан (некені бұзу туралы сот шешімдерін есепке алмағанда), ажырасу саны бір жылда 10,3% азайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Ауылдарда ажырасу саны бірден 27,5%, 721 жұпқа дейін, ал қалаларда – 5,5%, 3,4 мың жұпқа дейін қысқарған.

Ажырасудың басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген: 536 жұп, өткен жылмен салыстырғанда 19,9% аз. Кейін тізімде Алматы (466 жұп ажырасқан, бір жылда минус 2,5%) және Қарағанды (417 жұп ажырасқан, бір жылда минус 6,5%) облыстары тұр.

Ең аз ажырасу Қызылорда облысында тіркелді: 69 жұп, өткен жылғы көрсеткіш – 97.

2021 жылы жалпы 48,2 мың жұп ажырасқан, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 0,5% көп. Оның ішінде қала тұрғындары арасында 34,8 мың жұп (плюс 1,2%), ауыл тұрғындары арасында 13,4 мың жұп (минус 1,2%) ажырасқан.

2,7 мың жұп бір жыл да бірге тұра алмай ажырасып кеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% артық. Мұндай "ерте" ажырасудың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы облысында тіркелген, ал Солтүстік Қазақстан облысында мұндай дерек аз болған.

1 жылдан 4 жылға дейін бірге тұрып, ажырасқандар саны 14,1 мың жұп (бір жылда минус 4,4%), 5 жылдан 9 жылға дейін – 12,7 мың жұп ( бір жылда минус 6%), 10 жылдан 14 жылға дейін – 7 мың жұп (бір жылда минус 5,7%), 15 жылдан 19 жылға дейін – 3,3 мың жұп (бір жылда минус 4,4%), 20 жыл және одан жоғары – 6,1 мың жұп (бір жылда минус 2,4%).

Сондай-ақ ажырасқан тағы 2,3 мың жұптың қанша уақыт бірге тұрғаны белгісіз.

2021 жылы ажырасу көбінесе наурызда тіркелген: 4,6 мың жұп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,1% аз. Шілде мен мамырда 4,3 мың және 4,2 мың ажырасу болған. Маусымда ажырасу дерегі азайған: 3,3 мың жұп, бір жылда плюс 0,8%.

2020 жылы ажырасудың ең көп саны қаңтар, ақпан және наурызда тіркелген. 

Айта кетейік, былтыр шілдеде неке көп қиылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу