Елде азотты тыңайтқыштардың өндірісі бір жылда 10%-ға азайды

565

Ал фосфорлы тыңайтқыштарды шығару 14 есе қысқарған. 

Елде азотты тыңайтқыштардың өндірісі бір жылда 10%-ға азайды Фото: kapital.kz

Өз кезегінде экспорт екі еседен астам өсті, деп жазады inbusiness.kz  www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Минералды және химиялық тыңайтқыштардың өндірісі айтарлықтай төмендеді. Биылғы қаңтар-маусым аралығында 192,6 мың тонна азотты тыңайтқыш шығарылды. Бұл былтырғыға қарағанда 10,4%-ға аз. Фосфорлы тыңайтқыштардың өндірісі 7,6 мың тоннаны құрады: бір жылда 14,1 есе аз.

Бұл ретте экспорт 2,5 есеге өсіп, қаңтар-мамыр айларында 264,4 мың тоннаға жетті. Оның ішінде 184,1 мың тонна ТМД елдеріне, 80,2 мың тонна басқа мемлекеттерге жөнелтілген.

Экспорттың жалпы көлемінің жартысынан астамы Өзбекстанға тиесілі: 137,7 мың тонна. Одан кейінгі орындарда Польша (47 мың тонна), Ресей (38,7 мың тонна) және Литва (20,3 мың тонна) орналасты. Бұдан бөлек Тәжікстан (6,3 мың тонна) мен Түркияға (6 мың тонна) да тыңайтқыштардың айтарлықтай көлемі жіберілді. 

Мамыр айының қорытындысы бойынша ЕАЭО елдері үшін тыңайтқыштардың экспорттық бағасы 2,7%-ға төмендеген. Барлық басқа елдер үшін экспорттық баға 6,2%-ға азайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу