Елде балаларға зиянды контенті бар 38 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды

124

 Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша 339 әкімшілік іс тіркеліп, олардың 198-і буллинг фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды.

Елде балаларға зиянды контенті бар 38 мыңнан астам интернет-ресурс бұғатталды Фото: Reprodução

Қазақстанда "Киберқадағалау" мониторинг жүйесінің арқасында балаларға зиянды және заңға қайшы ақпаратты қамтитын 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Балалардың цифрлық ортада белсенді болуы және жасөспірімдердің виртуалды кеңістікке терең бойлауы мамандар мен ата-аналардан жаңа дағдыларды талап етеді. Онлайн кеңістікте баланы қорғаудың алғашқы әрі маңызды буыны – отбасы.

"Ата-ана бақылауын күшейту өте маңызды. Бала қандай сайттарды қарайтынын, кіммен онлайн байланыс жасайтынын қадағалау қажет. Сондай-ақ, құрылғыларда ата-ана бақылауы функцияларын қосып қойған жөн. Бұл қауіп-қатерді дер кезінде анықтап, баланы зиянды контенттен қорғауға мүмкіндік береді", – деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Қазақстанда балаларды зиянды ақпараттан қорғау жүйесі "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына негізделген. Аталған заң мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ қауіпті контентке мониторинг жүргізу, талдау және бұғаттау тетіктерін айқындайды.

2022 жылы заңнамаға "буллинг" және "кибербуллинг" ұғымдары енгізілді, ал 2024 жылдан бастап жәбірлеу үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу