Елде бір тәулікте 6 869 адам коронавирус жұқтырды

696

Ведомствоаралық комиссия таратқан мәліметке сәйкес, Қазақстанда әлі Түркістан облысынан басқа өңірлердің бәрі де "қызыл" аймақта тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елде бір тәулікте 6 869 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 869 жағдай тіркелді. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 632,
Алматы қаласында - 1517,
Шымкент қаласында – 450,
Ақмола облысында – 285,
Ақтөбе облысында - 300,
Алматы облысында - 383,
Атырау облысында - 562,
Шығыс Қазақстан облысында - 256,
Жамбыл облысында - 171,
Батыс Қазақстан облысында - 65,
Қарағанды облысында - 1101,
Қостанай облысында - 273,
Қызылорда облысында - 148,
Маңғыстау облысында - 152,
Павлодар облысында - 330,
Солтүстік Қазақстан облысында - 161,
Түркістан облысында - 83.
Сонымен қатар елде 5 848 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Аймақтар бойынша: 
Нұр-Сұлтан қаласында - 320,
Алматы қаласында - 1285,
Шымкент қаласында - 453,
Ақмола облысында - 259,
Ақтөбе облысында - 612,
Алматы облысында - 245,
Атырау облысында - 111,
Шығыс Қазақстан облысында - 62,
Жамбыл облысында – 50,
Батыс Қазақстан облысында - 77,
Қарағанды облысында - 926,
Қостанай облысында - 378,
Қызылорда облысында - 308,
Маңғыстау облысында - 144,
Павлодар облысында - 397,
Солтүстік Қазақстан облысында - 100,
Түркістан облысында - 121.

Елімізде барлығы 577 882 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
17 тамыздағы мәлімет бойынша 120 488 адам коронавирус инфекциясынан (115 712 КВИ+ және 4 776 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 30 996 пациент стационарда болса, 89 492 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 910 адамның жағдайы ауыр болса, 529 пациенттің жағдайы өте ауыр. 251 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

17 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. "Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.
15 тамызда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 53 жағдайы және 19 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 15 адам емделіп шықты.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу