Ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан Щучинскіге және Павлодар облысына баратын жолдар жабылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Ikomek жедел қызметінің мәліметінше, 23 наурызда сағат 12.30-ден бастап Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолының 18-231 шақырым аралығындағы учаскесі жабылды. Бұл – Нұр-Сұлтан мен Щучинск арасындағы жол.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті жолының 16-200 шақырымында, яғни астанадан Павлодар облысы шекарасына дейінгі аралықта көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Жолдың жабылуына боран мен жолдың көрінбеуі себеп.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу