Елде бұрын өндірілмеген химиялық заттарды жасау қолға алынды

938

Олардың арасында тұрмыстық химия, бояу материалдары, жарылғыш заттар бар. 

Елде бұрын өндірілмеген химиялық заттарды жасау қолға алынды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамкұлов елдегі химия саласының серпін алып келе жатқанын мәлім етті. Ел аумағында өндірілетін фосфаттық тыңайтқыштар елдегі сұранысты 100% қанағаттандырып отыр.

"Жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және істеп тұрған кәсіпорындарды қайта жаңғыртудың арқасында елімізде химия саласының айтарлықтай мықты іргетасы қаланды. Өнім ассортименті де кеңеюде. Елде бұрын соңды өндірілмеген тұрмыстық химия, бояу материалдары, жарылғыш заттар, агрохимия құралдары және т.б. шығару қолға алынды. "Қазфосфат" ЖШС мен "Қазазот" АҚ қайта жаңартылудан өтті. Олар фосфаттық тыңайтқыштарды 4 есе, азоттық тыңайтқыштарды 2 есе көбірек өндіруге мүмкіндік береді", – деп Бейбіт Атамкұлов елімізде басқа да тыңайтқыштар өндіру көлемі ұлғайып келе жатқанын тілге тиек етті.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу