Елде COVID-19 індетін жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші сәл төмендеді

1039

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 7 573 адам жұқтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Елде COVID-19 індетін жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші сәл төмендеді

Өңірлер бойынша соңғы тәулікте індет жұқтыру көрсеткіші мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1489,
Алматы қаласында - 1540,
Шымкент қаласында – 650,
Ақмола облысында – 268,
Ақтөбе облысында - 238,
Алматы облысында - 313,
Атырау облысында - 408,
Шығыс Қазақстан облысында - 193,
Жамбыл облысында - 250,
Батыс Қазақстан облысында - 85,
Қарағанды облысында - 901,
Қостанай облысында - 256,
Қызылорда облысында - 206,
Маңғыстау облысында - 224,
Павлодар облысында - 280,
Солтүстік Қазақстан облысында - 157,
Түркістан облысында - 115.
Айта кетсек, кеше, яғни 1 тамыз күні 7 803 адамда коронавирус індеті ПТР тест арқылы расталған болатын.

Жалпы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 587 952 адамға жетті.
Ал 4 681 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында – 1824,
Алматы қаласында - 784,
Шымкент қаласында - 261,
Ақмола облысында - 178,
Ақтөбе облысында - 0,
Алматы облысында - 87,
Атырау облысында - 278,
Шығыс Қазақстан облысында - 46,
Жамбыл облысында – 0,
Батыс Қазақстан облысында - 27,
Қарағанды облысында - 648,
Қостанай облысында - 77,
Қызылорда облысында - 100,
Маңғыстау облысында - 96,
Павлодар облысында - 18,
Солтүстік Қазақстан облысында - 136,
Түркістан облысында - 121.

Елімізде барлығы 482 958 адам COVID-19 індетінен емделіп, сауығып шықты.
1 тамызда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 5 429 636 адам, ІІ компонентін 3 837 063 адам салдырды.

2 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, барлық өңір мен қала "қызыл" аймақта тұр.

Аян Бекенұлы
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу