Осы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингінің нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясының әртүрлі штамдарының айналымы анықталды.
Барлық өңірлерде BA.1 "Омикрон" штамы – 98,6%, оның ішінде 12 өңірде BA.2 "Стелс-Омикрон" – 36,7%, B.1.617-Delta – 1,4% анықталды.
ПТР скринингінің нәтижелерін растау үшін толық геномды секвенирлеу жүргізілді. Жүргізілген толық геномды секвенирлеу нәтижесі бойынша BA.2 "Стелс-Омикрон" штамының – 93,8% (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары), BA.1 "Омикрон" штамының – 6,2% (Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстары, Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары) айналымы анықталды.
Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы уақытылы вакцинациядан, ревакцинациядан өтуге кеңес береді. Қазіргі уақытта Қазақстанда КВИ-ға қарсы вакцинациялау және ревакцинациялау үшін вакцинаның 3 түрі бар (Пфайзер, Синофарм және КазВак) бар.