Елде электр энергиясы тапшылығы орын алса, майнерлер желіден ажыратылады

624

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді.  

Елде электр энергиясы тапшылығы орын алса, майнерлер желіден ажыратылады

Ведомствоның мәліметінше, ресми майнерлер елде шамамен 380 мегаватт электр энергиясын тұтынады, деп жазды inbusiness.kz.

Өз кезегінде, биылғы жылдың басынан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін алым енгізілді. Ол тұтынылған электр энергиясының нақты мөлшері үшін белгіленеді. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке майнерлерден 652 млн теңге төлем түсті.

“Кімдер майнерлер болып табылатыны туралы ереже қабылданды. Бірақ елде электр желілері шамадан тыс жүктеліп, тапшылық орын алса, майнерлер желіден ажыратылады, осындай құқығымыз бар. Оларда шексіз құқық берілмейді”, – деді ведомство басшысы Мәжіліс кулуарларында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу