Елде электромобиль саны 7 есе артты

372

Дегенмен жалпы автопарктегі олардың үлесі 0,1%-дан төмен. 

Елде электромобиль саны 7 есе артты Фото: Plus-one.ru

Елімізде 4,9 млн көлік құралы бар. Оның ішінде 4,3 млн-ы жеңіл автомобильдер болса, 492,7 мыңы – жүк көліктері, 100,7 мыңы – автобустар, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Қазақстанда электр қуатымен жұмыс істейтін 3,6 мың көлік құралы бар.  Атап айтқанда, 135 автобус, 226 жүк көлігі және 3,2 мың жеңіл көлік. Электр қозғалтқыштары бар жеңіл көліктердің саны 1 маусымдағы есеп бойынша бір жылда 7 есе өскен.

Республика бойынша электр қуатымен жұмыс істейтін жеңіл көліктердің басым бөлігі Алматыда: 1,9 мың. Үздік үштік қатарында Астана (325) мен Алматы облысы (118) бар.

Мұндай көліктердің ең аз саны Абай, Ақмола және Ұлытау облыстарында тіркелді.

Әр өңірде электр қозғалтқышы бар жоқ дегенде 1 жеңіл көлік бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу