Елде ет бағасы бір жылда 11%-ға өскен

1517

Қой еті – 15,4%-ға, жылқы еті – 11,8%-ға, шошқа еті –10,2%-ға, сиыр еті – 8,3%-ға қымбаттаған.

Елде ет бағасы бір жылда 11%-ға өскен

Қазақстанда еттің бөлшек саудада бағасы бір жылда 11%-ға өскен, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.

Биыл қаңтарда мал шаруашылығындағы өнімдердің жалпы шығарылым көрсеткіші – 186,1 млрд теңге. Көшбасында Алматы облысы тұр (30,1 млрд теңге), көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2,6%-ға көп. Сондай-ақ үздік үштікке Түркістан және Ақмола облыстары енді.

2021 жылғы қаңтар-желтоқсанда мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 3,1 трлн теңге болды. Өткен жылмен салыстырғанда нақты мәнде 3,6%-ға артық.

2022 жылғы 1 ақпанда Қазақстанда жылқы – 11,3%, 3,4 млн бас,  құстар – 9,2%, 47,3 млн бас, түйе – 7,5%, 241,5 мың бас, қой – 4,5%, 18,5 млн бас, ірі қара мал – 3,9%, 8,3 млн бас, оның ішінде сиыр – 5,4%, 4,2 млн басқа дейін өскен.

Шошқа саны 2,6% немесе 823,3 мың басқа дейін, ешкі – 1,2% немесе 2,3 млн басқа дейін азайған.

Мал шаруашылығында өндіріс оң нәтиже көрсетіп отыр. Биыл қаңтарда тауық жұмыртқасын өндіру айтарлықтай өскен, бір жылда – 18,4% немесе 369,7 млн данаға дейін.

Сүт өндірісі – 259,3 мың тонна, өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға артық.

Ірі қара малдың терісін өндіру 0,2% немесе 217 мың данаға дейін өскен. Ұсақ малдың терісін өндіру 0,4% немесе 424,6 мың данаға азайған.

2022 жылғы қаңтардың қорытындысы бойынша Қазақстан бойынша бөлшек сауда орындарында ет пен құс етінің бағасы бір жылда 11,3%-ға өскен. Оның ішінде қой еті – 15,4%-ға, жылқы еті – 11,8%-ға, шошқа еті – 10,2%-ға, сиыр еті – 8,3%-ға қымбаттады. Пісірілген шұжықтың бағасы – 7,2%-ға, жартылай ысталған шұжық – 9,1%-ға өскен.

Елдегі дүкендер мен базарларда сиыр етінің орташа бағасы – 2,2 мың теңге (1 келісі үшін), қой еті – 2,4 мың теңге, шошқа еті – 1,9 мың теңге, жылқы еті – 2,6 мың теңге. Пісірілген шұжықтың бағасы орта есеппен – 2,2 мың теңге (1 келісі), жартылай ысталған шұжық – 2,6 мың теңге. 

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу