Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вице-министр былтырдың қорытындысы бойынша 1,1 млн тоннадан астам сиыр еті мен қой еті өндірілгенін, бұл көрсеткіш ел ішіндегі сұранысты толық өтейтінін атап өтті.
– 2024 жылдың қорытындысына қарасақ, өндіру көлемі шамамен 4 пайызға, оның ішінде сиыр еті 2 пайыздан астам деңгейге өсті. Бұл бағыттағы іс-шаралар халықтың етке деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді, сондықтан ет бағасының өсуіне негіз жоқ, – деді Е. Кенжеханұлы.
Оның айтуынша, ет бағасының көтерілуіне Өзбекстан жағынан болған жоғары сұраныс әсер еткен.
– Бірақ соңғы аптада байқағанымыздай, баға тұрақтанды және қазір өсімнің басқа факторларын көріп тұрғанымыз жоқ, – деді вице-министр.