Елде газ баллон құрылғысы орнатылған көлікті техникалық байқаудан өткізу жеңілдей түседі

466

Бұл туралы Көлік министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған.

Елде газ баллон құрылғысы орнатылған көлікті техникалық байқаудан өткізу жеңілдей түседі Фото: inbusiness.kz

Қазақстанда газ баллон құрылғысы орнатылған көліктерді техникалық байқаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz.

Елімізде көлік құралында орнатылған газ баллоны жабдығын мерзімді сынау жүргізу бойынша аккредиттелген ұйымдардың саны жеткіліксіз. Бүгінгі таңда 5 өңірде ғана газ баллон қондырғысын сынақтан өткізумен айналысатын 7 аккредиттелген ұйым бар. 

Құжатқа қоса берілген түсіндірме жазбада тиісті ұйымдардың 15 өңірде жоқ екендігі айтылған. 

Осыған байланысты техникалық байқаудан өту кезінде жүргізушілерден көлігіндегі газ баллон қондырғысын уақытылы сынақтан өткізгені және оның қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктерді ұсынуы талап етілетін нормалар 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрады.

Бұл ретте техникалық байқау жүргізу кезіндегі басқа талаптардың бәрі сақталады.

Құжатты ашық талқылау 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу