Елде ХҚКО-ға келетін адамдар саны азайған

894

Бұл мемлекеттік қызметтерді электронды түрде көрсетумен байланысты.

Елде ХҚКО-ға келетін адамдар саны азайған Фото: Максим Морозов

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталығына келетін адамдар саны бір жылда 10%-ға азайды. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Халыққа қызмет көрсету орталығына келетін адамдар саны азайып жатыр. 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша ХҚКО-да қызмет көрсету өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға азайды", – деді Сүйеніш Әбділдин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол өткен жылы ХҚКО-лар арқылы 2-4 млн-нан аса қазақстандық жаңа паспорт пен жеке куәлік алғанын атап өтті.

"Бұл қызмет ішінара автоматтандырылды, оны көші-қон полициясының қызметкерлері көрсетеді", – деді басқарма төрағасы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу