Елде індет жұқтырған 400 адам өте ауыр халде жатыр

608

Қазақстанда өткен тәулікте 7 769 адам коронавирус жұқтырып, 7 696 адам жазылып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Елде індет жұқтырған 400 адам өте ауыр халде жатыр

6 тамыздағы мәлімет бойынша 107 807 адам коронавирус инфекциясынан (104 321 КВИ+ және 3 486 КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 30 139 пациент стационарда болса, 77 668 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 1 884 адамның жағдайы ауыр болса, 400 пациенттің жағдайы өте ауыр. 187 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

6 тамыздағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр. "Жасыл" аймақта Түркістан облысы бар.

5 тамызға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 5 634 981 адам, ІІ компонентін 4 231 204 адам салдырды.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 769 жағдай тіркелді. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 618 513 жетті. Тәуліктік көрсеткіш бойынша аймақтарда статистика мынадай:
Нұр-Сұлтан қаласында - 1507,
Алматы қаласында - 1507,
Шымкент қаласында – 549,
Ақмола облысында – 260,
Ақтөбе облысында – 387,
Алматы облысында - 300,
Атырау облысында - 340,
Шығыс Қазақстан облысында - 305,
Жамбыл облысында - 173,
Батыс Қазақстан облысында - 168,
Қарағанды облысында - 1038,
Қостанай облысында - 265,
Қызылорда облысында - 194,
Маңғыстау облысында - 200,
Павлодар облысында - 303,
Солтүстік Қазақстан облысында - 160,
Түркістан облысында - 113.
Ал Қазақстанда 7 696 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 1887,
Алматы қаласында - 2108,
Шымкент қаласында - 582,
Ақмола облысында - 189,
Ақтөбе облысында - 166,
Алматы облысында - 255,
Атырау облысында - 258,
Шығыс Қазақстан облысында - 109,
Жамбыл облысында – 224,
Батыс Қазақстан облысында - 34,
Қарағанды облысында - 911,
Қостанай облысында - 202,
Қызылорда облысында - 217,
Маңғыстау облысында - 128,
Павлодар облысында - 144,
Солтүстік Қазақстан облысында - 145,
Түркістан облысында - 137.
Елімізде барлығы 507 661 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу