Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс кулуарында бүгінгі таңда қандай аудиторлық тексерістер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
9 айдың қорытындысы бойынша 18 аудиторлық іс-шара өткізілген.
"Жыл соңына дейін бірқатар аудиторлық іс-шара жүргізу жоспарланып отыр. Атап айтсақ, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі мәселесі бойынша желтоқсан айында Мәжілістің отырысына қатысамыз. Көлеңкелі экономикаға қарсы шаралардың жүзеге асырылу тиімділігі мәселесін де жүргізіп жатырмыз. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күресті тиімділігі де бар. Сонымен қатар Ұлттық гвардия мен оған бағынысты ведомстволарда аудит жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижесі туралы қоғамды хабардар ететін боламыз", – деді палата төрағасы.