Елде қандай азық-түлік түрлері мен қызметтер арзандады?

904

Биыл қызанақ бағасы мамыр айында күрт арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Елде қандай азық-түлік түрлері мен қызметтер арзандады?

Әдетте, бағаның құлдырауы маусым айында басталатын. Ал осы жолы мамыр айында баға 26,5%-ға төмендеді. Соңғы 12 жылдан бері мұндай көрсеткіш тіркелмеген. 

Қияр одан да арзандады. Бір айда баға 40,6%-ға құлдырады. Бұл соңғы 5 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұған қоса, елімізде екінші ай қатарынан сақтандыру тарифтері күрт төмендеуде (сәуірде – 6,8%-ға, мамырда – 5,5%-ға).  Туристерді медициналық сақтандыру қызметтерінің бағасы да арзандады (тиісінше -10,2% және 8,5%).

Соңғы 6 айдың 5-інде ыстық су тарифтері төмендеп келеді (мамырда – 0,9%-ға). 

Бесінші ай қатарынан бензин бағасы төмендеуде (0,1-0,2%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу