Елде қандай мамандар тапшы?

1423

Қазақстанда заңгерлер, курьерлер, қаржыгерлер, дене шынықтыру және автомеханика мұғалімдері жеткілікті.

Елде қандай мамандар тапшы?

Электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) мәліметтері бойынша биыл наурызда жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі болған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ басқарушы директоры Александра Молчановскаяның айтуынша, ЭЕБ мәліметтері бойынша наурызда жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігі байқалған.

"Мысалы, жалпы нарықта біліктілігі орташа мамандарға сұраныс басым болса (54%), онда осы санаттағы ұсыныс бар болғаны 38%-ға тең болады. Бұл ретте біліктілігі төмен мамандар үшін кері жағдай қалыптасып отыр – сұраныс 21% болған кезде ұсыныс шамамен 35%. Жоғары білікті кадрлар үшін түйіндемелер мен бос жұмыс орындарының саны тең болып келеді (26% және 25%)", – деді басқарушы директор.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл наурыздың қорытындысы бойынша ЭЕБ-да өте тапшы медициналық медбикелер мен мейіргерлерге, санитарлар, тәрбиешілер мен олардың көмекшілері болды – бұл мамандар үшін қамтылмаған қажеттілік 4,6 мың. 

Сондай-ақ жүргізушілер (2 мың бос орын), күзетшілер (1,6 мың бос орын), консультант-сатушылар (618 бос орын) және электромонтерлар (674 бос орын) сұранысқа ие болған.

"Біліктілігі төмен қызметкерлермен қатар артық мамандықтардың қатарына заңгерлер, курьерлер, қаржыгерлер, дене шынықтыру және автомеханика мұғалімдері жатады. Осылайша, ЭЕБ мәліметтері бойынша елде жалдау процестерінің жандануы байқалады. Жұмысшылар, керісінше, жаңа жұмыс орнын іздегілері келмейді, бұл 2022 жылдың басынан бері жалғасып келе жатқан түйіндемелер санының азаюымен расталады", – деп жазылған министрлік таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу