Елде қант диабетімен ауыратындар саны артқан

1066

Бүгінде балалардың 6,6%-ы семіздікке шалдыққан.

Елде қант диабетімен ауыратындар саны артқан

Қазақстанда қант диабетімен ауыратындар саны артқан. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша, 6-9 жастағы балалар арасында артық салмақтың болуы – 20,6% (ұлдар арасында – 23,6%, қыздар арасында – 17,6%), әрі балалардың 6,6% семіздікпен ауырады (ұлдар – 8,7%, қыздар –4,6%).

"Қант диабетімен сырқаттанушылық 62%-ға өскен. 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 173 болса, 2021 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 280-ге тең", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу