Елде кәсіпкерлерге арналған жаңа мобильді қосымша іске қосылды

897

Қазақстанда пилот жобасы аясында E-Salyq Bussines мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Елде кәсіпкерлерге арналған жаңа мобильді қосымша іске қосылды

Оның айтуынша, мемлекеттік орган цифрлық технологияларды пайдаланып, әкімшілендіруді жетілдіру жұмысын жүргізуде.

"Қазіргі таңда E-Salyq Bussines мобильді қосымшасы пилот жобасы аясында Жамбыл және Ақмола облыстарында сынақтан өтіп жатыр. Бүгінде шамамен 3 500 кәсіпкер қосымшаны пайдалануда", – деді төраға орынбасары ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол мобильді қосымшаның негізгі артықшылықтарына тоқталды.

"Жеке кәсіпкерлер үшін салық төлеу рәсімін жеңілдету үшін комитет аталған мобильді қосымшасы әзірледі. Мұнда есепті өткізу барлығы автоматты түрде жүргізіледі. Мобильді қосымшадан түрлі анықтама да алуға болады. Сонымен қатар кәсіпкерлер Мемлекеттік кірістер комитеті көрсететін қызметтерді қосымшадан ала алады, әрі ол екінші деңгейлі банктермен интеграция жасалған", – деді Жайдар Іңкәрбаев.

Оның айтуынша, кәсіпкерлер үйден шықпай-ақ, E-Salyq Bussines-тің көмегімен салықтарды төлей алады.

"Оны артық төлеп қойған жағдайда да мобильді қосымшаның көмегін пайдалана аласыз. E-Salyq Bussines арқылы жеке кәсіпкерлік қызметті толық немесе уақытша тоқтатуға болады. Алдағы жылы мобильді қосымшаны толық іске қосамыз деп жоспарлап отырмыз. Осы уақытта оны 400 мың кәсіпкер пайдаланады деген үміттеміз", – деп түйіндеді сөзін төраға орынбасары.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу